Менің таңдауым – балаларға көмек » №17 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72752) 3-04-44
+7(72752) 3-05-00
Электрондық пошта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Менің таңдауым – балаларға көмек
17
август
2022

Менің таңдауым – балаларға көмек

Менің таңдауым – балаларға көмек
Білімді, тәрбиелі ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес құндылығы. Оқыту мен тәрбие үндесіп, бүгінгі өмірмен ұштасып қана қоймай, сонау тарих қойнауынан бері жалғасып жатқан егіз ұғым тәріздес. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру өмір бақи өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік қиындықтар туындағандықтан, тұрмыс-жағдайы төмен отбасылар да кездеседі. Еліміздің ертеңі – бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ата-ана мен ұстаздың, қоғамның қолында. Осы орайда жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған, көп балалы, жартылай жетім отбасынан шыққан балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқталып, оларға заман талабына сай көмек көрсету, құқығын қорғау – қоғамдағы басты әлеуметтік мәселелердің бірі. Ал Қазақстанда қайырымдылық, мейірімділік деген имандылықтың бір көрінісі. Өйткені қасиетті ата-бабаларымыз «Жетімін, жесірін жылатпаған».
2021-2022 оқу жылында ұстаздар ұжымының, ата-аналар қауымының және жергілікті кәсіпкерлер қолдауымен жалпы сомасы 812 000 теңге көлемінде әлеуметтік осал топтан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді.
«Менің таңдауым – балаларға көмек» атты ұранмен 2022-2023 оқу жылының «Мектепке жол» - қайырымдылық акциясы 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалғасуда. Акция басталғалы жалпы 20 оқушыға 178 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл акцияның жыл сайын қасынан табылатын демеушілеріміз, «Кристал» сауда үйі 10 оқушыны спорттық киіммен қамтамасыз етсе, жаңадан қосылып жатқан демеушілер де бар, мәселен Кентіміздің кәсіпкері 5 оқушыға спорттық аяқ киім сыйлады. Мавленова Муниса жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға мектеп формасы және кеңсе тауарларын алып берді. 2022 жыл – Балалар жылында балаларымыз бақытты, білім алуға құштар болатындай жағдай жасауға белсене қатысайық! Егер де тағдыры тығырыққа тірелген оқушыларға көмек қолын созар «Атымтай Жомарт» ағаларымыз бен аналарымыз болса, қайырымдылық жасаса нұр үстіне нұр болар еді. Ендеше, көзі ашық, көкірегі ояу әр азамат сауапты іс атқаруға асығайық!!!
 
 
№17 орта мектептің әлеуметтік педагогтары: М.А. Қожасеитова
Ш.А.Егинбаева +7 747 861-77-08

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив