Мәжіліс депутаттары “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады (БЕЙНЕ ЖАЗБА) » №17 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72752) 3-04-44
+7(72752) 3-05-00
Электрондық пошта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәжіліс депутаттары “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады (БЕЙНЕ ЖАЗБА)
04
декабрь
2019

Мәжіліс депутаттары “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады (БЕЙНЕ ЖАЗБА)



        Мәжіліс депутаттары “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады 04.12.2019 Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады, – деп хабарлайды Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі. – Заң жобасы педагог қызметінің өзекті әлеуметтік және кәсіби мәселелерін шешуге, педагогтарға жүктемені азайтуға, оларды көптеген тексерулерден, сондай-ақ оларға тән емес функциялардан қорғауға, жұмыс істеп жүрген педагогтар үшін ынталандыру шараларын белгілеуге, жастарды мамандыққа тартуға бағытталған, – деді депутат Әбдіманап Бектұрғанов. Осы орайда ол депутаттық корпус енгізген басты түзетулерге тоқталды. «2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беру ұйымдары педагогтары үшін нормативтік оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа төмендету жөніндегі норма бекітіліп отыр. Білім беру саласындағы өкілетті орган айқындайтын тізбе тұрғысында білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын дайындаған падагогқа тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде бір жолғы сыйақының төленуін көздейтін норма енгізіледі, – деді Ә. Бектұрғанов. Оның сөзіне қарағанда, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған педагогқа 1 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы төлем белгіленеді. Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының және әскери оқу орындарының мұғалімдеріне магистр дәрежесі үшін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы енгізіледі. «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін басым тәртіппен беруге кепілдік белгіленеді, – деді депутат. Сонымен қатар, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да екінші оқылымда мақұлданды. Құжат Парламент Сенатының қарауына жіберіледі. Заң жобасын қарау барысында депутаттық корпус бірқатар түзетулер енгізді. – Мектеп және колледж педагогтары толтыруға міндетті қағаздардың тізбесін әзірлеу мен бекіту жөніндегі білім беру саласындағы өкілетті органның құзыреті белгіленеді. Жоғары оқу орындарының педагогтарынан басқа барлық педагогтарға әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру жөнінде норма қарастырылды. Бұрын кейінге қалдыру тек ауылдық жерде жұмыс істейтін педагогтарға көзделген еді, – деді Әбдіманап Бектұрғанов. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив